6.12.2023, 17:00
Оқылды: 35

Оралдағы әлеуметтік орталыққа жаңа көліктің сертификаты берілді

Биыл «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның құрылғанына 100 жыл толды. Мерекеге орай банк «100 игі іс» шарасын өткізуді қолған алған. Аталған шара аясында бүгін Оралдағы зейнеткерлер мен мүгедектерге арналып әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығына жаңа көліктің сертификаты берілді.

совез

Оралда мүгедектігі бар 1500-ге жуық бала тұрады. Ал жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 924 балаға әлеуметтік көмек көрсетеді. Оның ішінде кресло-арбада отыратын және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар 416 бала бар.

совез

Орталықта мүгедектігі бар балаларға бір мамандандырылған және бір жолаушы тасымалдайтын газель қызмет көрсетеді. Мамандандырылған газельге екі кресло-арба және алты жолаушы сыяды екен. Бұл газель 2011 жылы сатып алынған.

совез

Шарада «Қазақстан Халық банкі» АҚ Батыс Қазақстан филиалының директоры Игорь Стексов жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Исатай Жазықбаевқа арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын мүгедек балаларға арналған мамандандырылған автокөліктің сертификатын табыс етті.

e00c4039-bb51-4695-91d4-12de9ce9bc96

Аталған орталықтың күндізгі жартылай стационар бөлімшесінде мүгедектігі бар 35 бала арнаулы әлеуметтік қызмет алады. Оларға екі ауысымда қызмет көрсетіледі.

Ал тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін орталыққа жету күнделікті мәселенің бірі.

– Мерейлі жылда басшылық аста төк той істемей ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыруды бір ауыздан қолдады. Жыл бойы банк мерейтойды халықпен бірге өткізді. Түрлі акциялар, оның ішінде ағаштар егілді, марафондар ұйымдастырылды, концерт қойылды. Жылдың соңында әр өңірге сыйлықтар беріліп жатыр. Біз ерекше қажеттілігі бар жандарға инватаксидің керектігін ескеріп көлік сұраттық. Орталыққа алдағы бір-екі айда арнайы жабдықталған жаңа көлік беріледі, - дейді «Қазақстан Халық банкі» АҚ Батыс Қазақстан филиалының директоры Игорь Валерьевич.

совез

Орталық басшысы Исатай Елубайұлы Игорь Стексовке көрсеткен қайырымдылығы үшін алғысын білдірді.

Динара Насыр,

Фотоға түсірген: Диас Закбаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале