23.01.2023, 12:15
Оқылды: 48

Оралдағы әскери бөлімде ашық есік күні өтті

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында балалар ауылы тәрбиеленушілеріне «Сарбаз болғым келеді» атты ашық есік күні өткізілді.

IMG-20230123-WA0054

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бөлім аумағына келген қонақтарға әскери техника, қару-жарақ түрлері, кинологиялық қалашықтағы қызметтік иттер, сарбаздардың жатын орындары көрсетілді.

Сондай-ақ келген қонақтарға әскери бөлімнің клубында «Ұлы дала ұландары» атты деректі фильм ұсынылып, олардың әскерге қатысты сұрақтарына жауап берілді.

Бөлім аумағында орналасқан тәжік-ауған шекарасында қаза тапқандарға арналған ескерткіш жанында балалар естелік суретке түсті.

IMG-20230123-WA0055

– Жастардың бойында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру және қазақ армиясының беделін жастар арасында арттыру мақсатында осындай іс-шаралардың маңызы зор. Әскерилер осы іс-шара арқылы жасөспірімдерді ел қорғауға шақырып, елдің тыныштығын сақтау азаматтық борышы екенін түсіндірді, - дейді тәрбие бөлімшесінің бастығы майор Нұртілек Ғалымжанов.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале