30.11.2018, 17:44
Оқылды: 31

Оралдағы қабырғасы жарылған 9 қабатты үйді арнайы комиссия тексереді

Кешеден бері түрлі сайттар мен әлеуметтік желілерде Оралдағы Еуразия даңғылы, 55 мекенжайындағы 9 қабатты тұрғын үйдің құлауы мүмкін екені жайлы ақпарат тарады.

ui (2)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін тұрғын үй шаруашылығына жауапты мекемелердің мамандары тұрғын үйді қарап, қабырғаның жарықтарына белгілер орнатқан. Байқағанымыз, бірінші қабаттан басталған жарықтың көлемі тоғызыншы қабатқа жеткенше үлкейе түседі.

-Хабар түскеннен бері шағым қарастырылуда. Үй 1981 жылы алынған. Қабырғаның жарылғанына 7 жылдан асып кеткен. Қазіргі уақытта ТҮКШ бөлімі, қалалық төтенше жағдай бөлімі мен сәулет, қала құрылысы басқармасы орынды қарады. Жарықтарға белгі қойылды. Белгілерге сәйкес комиссия құрамындағы бөлімдер бекітілген кестеге сәйкес тексеріп отырады. Үйді толығымен тексеру үшін арнайы аттестаты бар мамандар жұмылдырылады. Шыққан қорытындыға сәйкес шара қолданылады. Тұрғындарға әзірге қауіп жоқ. 9 қабатты үйде барлығы 108 пәтер бар,-деді Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев.

ui (6) ui (8)

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале