11.10.2019, 13:12
Оқылды: 48

Оралдағы қоғамдық көліктер бір күнде 162 рет жол ережесін бұзған

10 қазан күні Батыс Қазақстан облысында республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

123 - копия

Автожолдарда ішкі істер органдары берген функцияларға сәйкес автобус және таксидің жолаушыларды тасымалдау кезінде талаптарды сақтауына бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері заңсыз қайта жабдықталған автобустарды, сондай-ақ техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін көліктерге пайдалануға тыйым салу шараларын қолдануда.

Шара барысында алдын ала және кезең-кезеңмен, оның ішінде рейс алдында жүргізушіні медициналық тексеру, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауына ерекше мән беріледі.

«Автобус» жедел шарасының алғашқы күнінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің 162 жол қозғалыс ережесін бұзу дерегі анықталды. Жүргізушілерінің жол үстінде телефон қолданғаны үшін 36 әкімшілік материал, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 1 жүргізушіге әкімшілік материал, маневрлеу ережесін бұзғаны үшін 40 әкімшілік материал толтырылса, 12 жүргізуші техникалық бақылаудан өтпеген көлікті басқарғаны үшін, 4 автобус заңсыз қайта жабдықталғандықтан, 4 жүргізуші жылдамдықты арттырғаны үшін, 1 жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткені үшін, 16 жүргізуші құжатсыз көлiкті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, жедел шара қазанның 17-сі аяқталады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале