4.04.2020, 12:35
Оқылды: 36

Оралдағы мұғалімдерге қашықтан оқыту үшін мектеп тарапынан 167 компьютер берілген

   Орал қаласындағы 51 жалпы орта білім беру ұйымдары 4 тоқсанда, ағымдағы жылдың  6 сәуірі мен 22 мамыры аралығында қашықтан  оқыту үрдісіне көшеді.  

27C59CD0-CF99-43F6-A2A1-2F8A2CC7900D

Қала мектептерінде жалпы 4322 мұғалім жұмыс жасайды. Мектеп тарапынан мұғалімдерге 167 компьютер беріліп, қашықтан оқыту үрдісіне көшу үшін техникалық - материалдық жағынан толықтай қамтамасыз етілді.  

Сонымен қатар білім беру бөлімі жанынан педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы  филиалы тренерінің қатысуымен    мектеп басшыларының оқу-әдістемелік істері жөніндегі орынбасарларына арналған «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшелігі» тақырыбында вебинар өткізілді.      

810C8E7B-CD96-4A88-8DF8-10392302A987

Қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлерімен «ZOOM» бағдарламасы арқылы пән мұғалімдеріне арналған қашықтан оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары туралы 40-тан астам бейнеконференциялар мен вебинарлар, оқыту семинарлары  ұйымдастырылды.  

Қалалық білім беру бөлімі тарапынан қашықтан оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленіп, қашықтан оқытуды жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттер алгоритмі жасақталды. Алгоритм барлық мектеп мұғалімдеріне таратылып, таныстырылды.

   Орал қаласында 50342 оқушы бар. Оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына, қашықтан оқытуға көшу үшін қосымша сұранысты қажет ететін оқушыларғамектеп тарапынан 779 компьютер, 116 ноутбук берілді. Сонымен қатар демеушілер арқылы, қамқоршылық кеңестің қолдауымен кейбір жанұяларға интернет өткізілді, планшет, ноутбуктер алынды ( 7 - смартфон;  9 – компьютер; 7 –телевизор; 21 - планшет, 34 – модем, 4 – флешка, 2 – роутер берілді;  244 оқушыға интернет желісіне қосылуға қаражылай қолдау көрсетілді).  

   Қашықтан оқыту кезінде кездесетін проблемалардың бірі - ұялы байланыстың кейбір аудандарда сапасының төмендігі. (Ветелки, Сарытау, Меловые горки, Деркул, Маштаков, саяжайлар ауданында). Осы мәселені шешу үшін қала әкімдігінде ұялы байланыс өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында операторларға осы аудандардағы байланысты жақсарту жөнінде ұсыныс беріліп, хат жазылды. Аталмыш мәселе шешілу деңгейінде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале