20.02.2025, 14:45
Оқылды: 165

Оралдағы орталық базар аумағының санитарлық тазалығына рейд жұмысы жалғасып жатыр

Орал қаласының ТҮКШ, ЖКжАЖ бөлімінің мониторинг тобы полиция қызметкерлерімен бірлесіп тұрақты түрде орталық базар аумағының тазалығына рейд жүргізіп жатыр.Бұлтуралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
WhatsApp Image 2025-02-20 at 15.49.27
Басты мақсат – базар аумағын санитарлық талаптарға сай таза ұстау.
Олар орталық базардағы сауда нысандарының жағдайын тексеріп, «Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына» сәйкес нысан иелеріне тазалық мәселесіне баса назар аудару қажеттігін ескертті. Сонымен қатар көшенің бойында рұқсатсыз сауда-саттық жасау деректері бойынша тиісті шаралар қабылданды. Ескертуді елемеген тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес хаттама толтырылады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале