6.06.2024, 12:45
Оқылды: 76

Оралдағы саяжай тұрғындарына тағы да алты пәтер берілді

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын. Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған тағы алты саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына сатып алынған. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

9F890327-8A2F-4C4C-9CD1-87ED6410BFB5

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беріп жатыр.

Оралдық Қайрат Шакировтың саяжайдағы жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған. Бүгін ол жаңа пәтеріне кірді.

F11D00F3-28DC-4ECD-8797-424A5EE38BDC

«Су тасқынынан кейін эвакуациялық пунктте тұрдық. Тезірек баспаналы болғымыз келді. Бүгін арманымызға қол жеткізіп отырмыз. Мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз», - деді ол.

Орал қаласында жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыс жалғасын табуып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале