Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2022 жылғы жаңа оқу кезеңі басталды. Пандемияның таралуына байланысты іс-шара санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, өтті.
Орал шаһарында орналасқан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен 5517-әскери бөлімде мемлекеттік-құқықтық дайындық және жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтар өткізіліп, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету, ату және дене шынықтыру дайындығы мен парк-шаруашылық күндері барысында жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, жауынгерлік есептоптарды жеткізу бойынша кешенді сабақтар өткізілді.
Жаңа оқу жылының басталуына орай «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасында өткен сабақта «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Павел Ситников жеке құрам алдында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының 2022 оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмаларын нақтылап өтті.
-Әрқайсымыздан үлкен қажырлылық пен мақсатқа ұмтылыс, жауынгерлік дайындықтың деңгейін жетілдіруге кәсібилік пен жеке орындаушылық тәртіп қажет,- деді полковник Павел Ситников.
Жалпы, 2022 оқу жылында Ұлттық ұланда әскери қызметшілердің барлық санаттарын: офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды қызметтеріне, олардың кәсіби өсуіне қарай міндеттерді орындауға, әскерлердің дайындығын арттыруға негізделген.
Сонымен қатар жедел, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының негізгі күші әскери басқару органдарының жауынгерлік жұмысының үйлесімділік деңгейін арттыруға, штабтар арасындағы өзара қарым-қатынастарға, командирлерде бағынысты бөлімдерді басқаруда машықтануға және бөлімшелерді шынайы жауынгерлік жағдайға келтіруге жұмылдырылады. Бұл дегеніміз Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери басқару органдарының, әскери бөлімдерінің жеке құрамын жоғары жауынгерлік әзірлікке келтіру жұмысын үйлестіру мен жеке құрамның іс-қимылдардағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді.
Естеріңізге сала кетейік, кәсібилік, жауынгерлік техника мен қару-жарақтың тұрақты дайындығы, жоғары әскери тәртіп, қауіпсіздік талаптарын сақтау – қызметтік-жауынгерлік міндетті табысты орындаудың кепілі.
Ерболат Сұлтанов,
ҚР Ұлттық ұлан «Батыс» өңірліқ қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы,
подполковник