Затон Чапаев көшесіндегі тұрғын үйлер Жайық өзенінің жағалауында орналасқан. Жыл сайын көктемгі тасқын кезінде өзеннің деңгейі көтеріліп, бұл аймақтағы тұрғын үйлерге тікелей қауіп төндіреді. Алдағы жылдары су тасқыны салдарынан үйлердің шайылып кету қаупі жоғары. Бұлтуралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
Осыған байланысты, аталған аудандарда реквизициялау жұмыстары басталды. Бұл — табиғи апаттың алдын алу мақсатында заңды негізде жүргізілетін шара. Бүгін тұрғындармен түсіндіру жұмыстары өткізілді, алдағы уақытта үйлер мен аумақтарды бағалау басталады. Бағалау қорытындысы бойынша мүлік иелеріне өтемақы төленеді, әрі жер мемлекет қажетіне алынатын болады.
Реквизиция – бұл табиғи апат жағдайында халықтың өмірін қорғау және қауіптің алдын алу үшін мемлекет тарапынан мүлікті уақытша немесе тұрақты негізде алу.
Маңызды: Мүлік заң аясында бағаланып, иесіне өтемақы төленеді.
Бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмірін сақтау жолындағы маңызды қадам. Барлық шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.