Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласының 10-шағынауданына қарағай отырғызуға қатысты.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл шарада облыстық ақсақалдар кеңесі, облыстық ассамблея өкілдері, жастар және қоғам белсенділері де болды.
Жоспарға сәйкес қаланы абаттандыру мақсатында аталған ауданға әзірге 100 түп қарағай отырғызылды. Өңірімізді көгалдандыру мақсатында бұл жұмыс жалғасып, келер аптада тағы да 100 дана қарағай отырғызылады деп жоспарланып отыр.
- Орал – жасыл қала. Дегенмен әсем қаламызды одан әрі көркейтуге, абаттандыруға әр тұрғын өз үлесін қосуы қажет. Сондықтан біз бұрын отырғызылған ағаштарымызды сақтай отырып, жасыл желек қорын ұлғайтуға міндеттіміз», - деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.
Жалпы өткен жылы Орал қаласында 3000 мыңға жуық ағаш отырғызылған.
zhaikpress.kz