22.02.2025, 17:30
Оқылды: 498

Оралдағы жол апаты: зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр

Бүгін, түстен кейін Орал қаласындағы «Динамо» спорт кешені маңында жол апаты болды.

photo-outputСуреттер әлеуметтік желілерден алынды

Жол апатынан ер адам мен 2009 жылғы қыз бала зардап шеккен. Оны дереу көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген.

bad7a692-e664-4201-8e62-40e4b8203d31

«Жол апатынан зардап шеккен 2009 жылғы қыз баланы дәрігерлер қарап, амбулаториялық ем тағайындап, үйге жіберді. Ал ер адамның жағдайы ауыр. Ол облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер барлық көмекті көрсетіп жатыр» - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға туралы полиция департаменті әлі толық ақпарат берген жоқ.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале