27.05.2024, 16:30
Оқылды: 3

Оралдық ұландықтарға ЖОО гранттары табысталды

Бүгін Оралда орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің сарбаздарына  еліміздің жоғары оқу орындарына түсу үшін арнайы сертификаттар табысталды.

e1ce7bed-7c16-41c4-90f3-bde8861af3e5

Жоғары білім алуға арналған  бұл гранттар жауынгерлік қызмет барысында ерекше көзге түскен сарбаздарға беріледі. Сондықтан да бүгін қызмет барысында ерекше көзге түскен сарбаздарға әскери бөлімнің саптық аланыңда Қорғаныс министрлігінің сертификаттары салтанатты түрде табысталды.

922b162f-a621-457b-a082-3a12983f4ec0

Атап өтер жайт, сертификаттарды жеңіп алған сарбаздар алдағы уақытта еліміздегі беделді оқу орындарына  ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай түсе алады.

ҚР ҰҰ  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале