Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі 1975 жылғы Инна Хазицкаяға қатысты ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «МСВ Қазақстан» ЖШС туристік компаниясының құрылтайшысы болып табылатын аталған әйелдің 2013 жылдан бері жиырмаға жуық алаяқтық жасағаны тіркеліп отыр.
Ол шет елдерге туристік сапарды ұйымдастыру қызметін көрсетемін деп, Орал қаласы тұрғындарының сеніміне кіріп, қаржысын иемденіп кеткен. Қазіргі уақытта БҚО ІІД И.Хазицкая басшылық еткен «МСВ Қазақстан» ЖШС әрекетінен зардап шеккен басқа да адамдарды анықтап жатыр.
zhaikpress.kz