Еліміздің мұнайлы астанасы Атырау қаласында өткен республикалық-аймақтық батагөй қариялар байқауында қаратөбелік Ертай Сердалин бас жүлдені жеңіп алды.
Бұған дейінгі аралықта өткен байқауларда да жеңімпаз атанған Ертай ақсақал бұл жолы Батыс Қазақстан облысының намысын қорғады.
Ақынжанды ақсақал Ертай Сердалин бүгінгі таңда Егіндікөл ауылында тұрады. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған өнегелі шаңырақ иесі.
Ертай Сердалин ірілі-ұсақты жиындарда елдік мəселелерді көтеріп, ұлттық дәстүр, салт-сана турасында ой өрбітіп отырады. Елге сыйлы ағамызды айтулы жеңісімен құттықтаймыз.
Жағымды жаңалықты бізге асыға жеткізген белді кәсіпкер Жарқын Тəжіғалиевке де айтар алғысымыз мол.
Айта кету керек, аталмыш байқауға БҚО, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облысынан қариялар қатысқан.
Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz