15.06.2024, 9:30
Оқылды: 55

Оралдық дарындылар АҚШ-тың Бостон қаласында өткен робототехникадан чемпионатта үздік ондыққа енді 

Қазақстанның атынан FIRST LEGO League Challenge халықаралық ашық чемпионатына Батыс Қазақстан облысы Оқушылар сарайының @os_oral07 тәрбиеленушілері қатысты. Toro D’oro командасының құрамына 9-10 сынып оқушылары Асхатұлы Төрехан, Мәжит Нәдір, Ғабдуллин Райымбек, Сейтенов Адлет, Құрманғалиев Алиислам, Назар Таир, Серік Әлихан кірді. Олар 50 елден келген 108 команда арасында ел намысын қорғады, деп хабарлайды Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі. 

IMG_20240615_090252_925

Жарыс АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – Вустер политехникалық университетінде өтті. Үш күнге созылған чемпионаттың қорытындысы бойынша команда мүмкін болатын 550 ұпайдан 500 ұпай жинап, 10 ең күшті роботтар ойыны рейтингіне енді.

- Жарыс өте қызу өтті, өйткені қарсыластар Жапония, Оңтүстік Корея және бірқатар Еуропа елдерінің мықты командаларынан болды. Бірақ біздің балалар оң нәтижеге жетуге бел буып, ел намысы үшін табандылық танытты. Қарсыластарымен салыстырғанда, олардың тәжірибесі аз болды, сонда да, олар үздік ондыққа енді және робот ойнаудағы шеберлігімен басқа қатысушылардың есінде қалды, - деп бөлісті команда жаттықтырушысы Қайсар Есенғали.

IMG_20240615_090253_579

Естеріңізге салсақ, командалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоры мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған Central Asia FIRST Championship кезінде әлем чемпионатына жолдама алған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале