30.10.2025, 9:30
Оқылды: 585

Оралдық дзюдошы Фатима Сұпығалиева – Азия ойындарының чемпионы атанды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған оралдық спортшы Фатима Сұпығалиева дзюдодан алтын жүлдеге ие болды.

WhatsApp Image 2025-10-30 at 10.19.23

52 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз жарыс барысында барлық қарсыласынан басым түсіп, финалда Қырғызстан өкілі Милена Боруболотованы айқын басымдықпен – иппон тәсілі арқылы жеңіп, Азия чемпионы атағына қол жеткізді.

WhatsApp Image 2025-10-30 at 10.19.24

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов:
- Фатима Сұпығалиева болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларымыздың бірі. Оның жүйелі жаттығу жасауына, тұрақты жарыстарға қатысуына басқарма тарапынан бар жағдайыды жасап отырмыз. Сондай-ақ, БҚО Дзюдо федерациясы тарапынан да үздіксіз қолдау көрсетіліп келеді. Фатима жақын арада Жапонияға жаттығу жасауға аттанады. Денсаулығын қадағалап, дұрыс бағытта жаттығу жасау үшін аянып қалып жатқан жоқпыз. Оны алда үлкен додалар күтіп тұр. Әлем, Азия чемпионаттарына қатысып, жеңіске жететініне сенім мол. Бастысы, Олимпиада ойындарында еліміздің көк туын көтеретін спортшыларымыздың бірі ретінде барлық жағдайды жасаймыз, - деді.

WhatsApp Image 2025-10-30 at 10.19.24 (1)

Фатима Сұпығалиева – бұған дейін де бірнеше республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарған дарынды спортшы. Азия ойындарындағы бұл жетістік – оның спорттық жолындағы ірі белестердің бірі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сурет: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале