Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.
Ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер, ұлдар мен қыздар арасында өтіп жатқан классикалық және экипировкалық жатып көтеруден өтіп жатқан чемпионатқа «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының» фельдшері Райымбек Қадыров қатысып, 53 келі салмақта І орынға ие болды. Осылайша Райымбек Қазақстан Республикасының үшінші мәрте чемпионы атанды.
Айта кетейік, Райымбек екі мәрте әлем чемпионы атанып үлгерген.
2001 жылы Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауылында дүниеге келген. Орал қаласындағы № 47 мектепте білім алған.
2021 жылдан «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында» фельдшер болып жұмыс жасайды.
zhaikpress.kz