5.03.2025, 12:03
Оқылды: 748

Оралдық флорист гүлді ұзақ сақтаудың құпиясын айтып берді

Флористика – бұл гүл сату емес, нағыз өнер мен кәсіптің үйлесімі.

жп мамандар галереясы цветы (1)

- Гүлдер әрдайым адамның көңіл-күйін көтеріп, ерекше сезім сыйлайтын табиғаттың керемет сыйы. Мен бұл салада 3-4 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Голландия, Кения, Эквадордан жоғары сапалы гүлдерді импорттап, олардың күтімі мен сәндік құндылығын сақтауға ерекше мән беремін.

жп мамандар галереясы цветы (10)

Көпшілік гүлдің әдемілігі тек оның сатып алынған сәтімен шектеледі деп ойлайды. Бірақ дұрыс күтім жасалса әлдеқайда ұзақ тұра алады. Міне, бірнеше қарапайым ереже:

- Суды жиі ауыстыру – суы таза болған гүлдер ұзаққа шыдайды. Ыдысты да таза ұстау маңызды.

- Сабақты дұрыс кесу – суды жақсы сіңіруі үшін гүл сабағын қиғаштап кесу керек.

- Тікелей күн мен ыстықтан қорғау – күн сәулесі немесе жылыту құрылғылары гүлдердің тез солуына себеп болады.

- Қосымша қоректендіру – қант, лимон шырыны немесе арнайы тыңайтқыштар гүлге сергектік береді, - дейді Алтынгүл Русланқызы

Оның айтуынша флористер үшін ең қарбалас күн – 8 наурыз.

- Халықаралық әйелдер күні – ең қарбалас кезең. Дәл осы күні ер адамдар аналарға, әйелдеріне, әпке-қарындастарына, әріптестеріне гүл сыйлап, ерекше көңіл бөлгісі келеді. Бірақ бұл күннің ауқымы тек гүл сатып алумен шектелмеуі керек. Әр әйелге жыл бойы құрмет пен назар аудару маңызды.

жп мамандар галереясы цветы (8)

Гүл – тек мерекеге арналған сыйлық па?

- Қоғамда «гүлді тек мерекеде сыйлау керек» деген қате түсінік бар. Гүл – ерекше сәтті күтпей-ақ, жай қуаныш сыйлаудың, жақын адамға деген құрметті білдірудің қарапайым әрі әсерлі жолы. Оны тек 8 наурызда емес, күнделікті өмірде де сыйлап, айналадағы адамдардың көңіл-күйін көтеруге болады.

Флористика – бұл тек бизнес емес, эмоциялармен жұмыс істеу. Әр гүлдің өз мәні бар. Ал оны дұрыс таңдасаңыз, адамға қуаныш пен жылулық сыйлайсыз. Гүлді себепсіз сыйлауды дәстүрге айналдырсақ, өмір әлдеқайда әдемі болар еді, - дейді кейіпкер.

Фотоға түсірген Мейірбек Тажқұранов

zhaikpress.kz

жп мамандар галереясы цветы (2) жп мамандар галереясы цветы (3) жп мамандар галереясы цветы (4) жп мамандар галереясы цветы (5) жп мамандар галереясы цветы (6) жп мамандар галереясы цветы (7) жп мамандар галереясы цветы (9)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале