20.11.2018, 13:12
Оқылды: 28

Оралдық кәсіпкер бахил шығара бастады

Бала күтіміне байланысты демалыста отырған кезде оралдық Алмагүл Давыдова «қандай бизнес бастасам?» деп көп ойланатын. Қала нарығына талдау жасай келе гигиеналық бахил шығару ісін қолға алды.

IMG_7824

         Оралға бұл өнім негізінен Ресейден немесе Қазақстанның басқа қалаларынан әкелінеді. Өндіріс қалдықсыз болып саналады. Осының бәрін бағамдаған кәсіпкер Алмагүл Давыдова бахил өндірісіне кірісіп, табысты бизнеске айналдыруға бел буды.

         Алдымен ісін жаңа бастаушыларға арналған кәсіпкерлік негізінің курсын оқып шықты. Жобаны қаржыландыру үшін Алмагүл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында сыйақы мөлшері 6% болатын жеңілдетілген несиені «Сбербанк» арқылы алды.

         Несиеге кәсіпкер бахил шығаратын құрал мен қажетті материалдар сатып алды. Сонымен қатар ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде кепілзаты жеткіліксіз болғандықтан «Даму» қорының кепілдігін де пайдаланды.

          Кәсіпкердің айтуынша, өнім құрамының 75%-ы қазақстандық шикізат. Кәсіпкер шығаратын өнім қала мен облыстағы медициналық мекемелерге, косметология және SPA салондарына, фитнес-клубтар, азық-түлік өнеркәсібінде сұранысқа ие.

         Қазір тіпті көрші қала мен аудандардағы кәсіпкерлер де сатып алуға қызығушылық танытып жатыр, деп жазады «Дамудың» сайты.

IMG_7838

?????????????????????????????????????????????????????????

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале