26.02.2024, 9:00
Оқылды: 166

Оралдық команда Орталық Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Бұл туралы Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

23-25 ақпан күндері Астанада «Central Asia First Championship» атты Орталық Азия елдері қатысуымен робототехникадан байқау өтті.

InShot_20240226_084935871

Байқауда Біріккен Араб Әмірлігі, Гонконг, Түркия, Қырғызстан, Өзбекістан елінен және Қазақстаннан 200-ден астам команда бақ сынасты.

Қатысушылар төртсанат, яғни «Robot Game», «Robot Design», «Innovation Project», «Core Values» категориялары бойынша  біліктіліктерін, логикалық қабілеттерін шыңдап, роботтарымен жарысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша Орал қаласы «Оқушылар сарайының» тәрбиеленушілерінен құралған «Toro D’oro» командасы Орталық Азия чемпионатында 200 команда ішінен жүлделі ІІІ орын, «Best Mascot Award» номинациясын және «Champion Award Finalist» арнайы аталымын жеңіп алды.

Команда құрамында Алиислам Курмангалиев, Райымбек  Габдуллин, Төрехан Асхатұлы, Таир Назар, Серік Әлихан, Әділет Сейтенов, Рамазан Казбеков, Анжела Байарыстанова бар. Жетекшісі — Нұрбол Қырықбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале