22.05.2021, 20:36
Оқылды: 61

Оралдық қос мектеп түлегі 140 балдық көрсеткішпен сертификат иеленбек

Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернатының екі түлегі ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 140 балдық көрсеткішпен сертификат иеленбек.

20210522_202953

Былтырғы жылғы ҰБТ тапсырудағы басты​ жаңалық – SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тесттерінің балын Ұлттық бірыңғай тестілеу балына ауыстыру шкаласы енгізілген болатын. Егер түлек SAT reasoning және SAT​ subject сертификаттарын ҰБТ тапсыру пунктінде тапсырған болса, сол сертификаттары ҰБТ балы ретінде көрсетіледі. Түлектер ҰБТ-дан босатылып, грант беру конкурсына қатыса алады.​

№11 мектептің түлектері Гүлшат Бекқалиева мен Әйгерім Қонар халықаралық стандартталған тест тапсырып, ең жоғары ұпай жинаған.​ 650 балдан жоғары жинаған түлектерге ҰБТ-ның ең жоғары 140 балы берілді. Енді бұл сертификатпен грант беру конкурсына қатыса алады.

20210522_203011

Мектеп бітіруші екі түлекте Назарбаев университетінің «FOUNDATION»​ бағдарламасы бойынша грант иегері,​ білім ордасының мақтаныштары.

Айгерім Қонар «Үздік аттестатқа», Гүлшат Бекқалиева «Алтын белгіге» үміткер.
Айгерім Қонар Болашақта IT, робототехника саласында​ қызмет жасағысы келеді.​
Ал, Гүлшат Бекқалиева болса 7 сыныптан физика-математика бағытында білім алып, өзінің сүйікті пәні физика және математика пәндеріне байланысты инженерия саласын таңдаған. Назарбаев Университетінде “Құрылыс және экологиялық инженерия” факультетінде білім алғысы келеді.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале