25.08.2024, 14:30
Оқылды: 252

Оралдық Мария Бровкова әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Өзбекстанда байдарка мен каноэде есуден 2024 жылғы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталмыш бәсекеде сынға түсіп оралдық Мария Бровкова 500 метр қашықтықта жарысқан ескекшілер сынының қола жүлдегері атанды. 

InShot_20240825_142651176Сурет спортшының инстаграм парақшасынан алынды 

Бәсекені биылғы олимпиада ойындарында командалық сында чемпионы атанған украиналық Людмила Лузан жеңіп алды. Күміс жүлде чилилік Хосе Мария Майллард иеленді. Айта кетейік біздің Мария Париждегі олимпиадада жұптық сында 11-ші, жекелей сында жартылай финалға жолдама ала алмады.

Небары 19 жастағы Маша үшін әлем чемпионатының қола жүлдесі үлкен жетістік.

Түгелбай Бисен,

"Орал өңірі"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале