Жуырда Қызылордада өткен «Көктем нұры» атты республикалық оқушылар айтысында арнайы сыйлық иегері атанған оралдық Бекзат Баян 100 000 теңге көлемдегі жүлдесін түгелдей қайырымдылыққа жұмсады. Бұл туралы Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының БҚО-дағы филиалы хабарлады.
Бекзат аударған қаражатқа етігімен су кешіп жүрген өңірдің белсенді жастарынан құралған еріктілерге су өткізбейтін жартылай комбинезондар сатып алынды.
Айта өтейік, Бекзат қаламыздағы №49 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы, «Жұлдыз» комьюнити орталығындағы «Күміс қоңырау» жас ақындар үйірмесінің тәрбиеленушісі.
Айтыскер ақын Орынбек Меңдіқұлдың жетекшілігіндегі шәкірт «Сүрей айтыстың сұржекейі Серік Өтеуов» атындағы арнайы жүлдеге ие болды.
zhaikpress.kz