18.06.2025, 12:45
Оқылды: 641

Оралдық оқушылар АҚШ-та өткен робототехника чемпионатында жүлдеге ие болды

13–15 маусым күндері АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Вустер қаласында орналасқан Worcester Polytechnic Institute базасында WPI Annual FLL Event (WAFFLE) атты халықаралық робототехника чемпионаты өтті.

IMG_2790

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі 108 елден келген 650-ге тарта команда өз жобалары мен инновациялық идеяларын ортаға салып, мықтылардың мықтысын анықтады.

Осы байрақты бәсекеде Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары құрған Tidal Tumble командасы Engineering Excellence Awards номинациясында 2 орын алып, жүлдегер атанды.

IMG_2859

Бұл туралы Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл - тек мектептің емес, тұтас Қазақстанның жетістігі.

Әлихан Серік, Таир Назар, Адлет Сейтенов, Ильяс Сериков, Таир Уашев, Нұрымхан Беркін, Адильхан Сериков, Фаррух Төреқожа және Азат Абдрахманов сынды жас зияткерлер «Agua Aeris» атты ауадан су өндіру құрылғысын жаһандық ғалымдарға таныстырып, ел намысын қорғап, әлемге қазақ жастарының ақыл-парасатын, білімін және инженерлік қабілетін паш етті.
AquaAeris — бұл ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге арналған инновациялық жоба. Құрылғы ауадан ішуге жарамды суды өндіре отырып, әлемнің кез келген нүктесінде сенімді әрі экологиялық таза су көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл құрылғы ауызсу тапшылығы мәселесін шешуге көмектесіп, суасты әлеміне түсетін жүктемені азайтады.

IMG_2858

Команданың ғылыми жетекшісі - Армат Мақсотов.

Олар робот құрастырып, жоба қорғап қана қоймай Қазақстанның атын жаһан жұртына танытты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале