5.10.2018, 15:59
Оқылды: 65

Оралдық оқушылар Назарбаев Зияткерлік мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ашық есік күні» өтті. Шарада Орал қаласының әр мектебінен келген оқушылар мектептің жүйесі, негізгі жобалары, әлеуметтік тәжірибелер, үйірме жұмыстарымен танысты.

 

Шараның ашылуында сөз алған мектеп директоры Тимур Нұркешов қатысушыларға қош келдің айтты. Кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Светлана Александрова оқушыларға мектептің жұмыс істеу жүйесін, түсу емтихандарының форматындағы өзгерістерді, виртуалды және каникулярлық мектептердің жұмысы туралы ақпарат берді.

Бұдан соң оқушылар бірнеше секцияға бөлінді. Бұнда Зияткерлік мектептің мұғалімдері «Математикалық калейдоскоп», «Физика и нанотехнология», «Полиглот», «Қызықты биология»,«Көңілді химия», «Код сағаты» «Қызықты оқу»деп аталатын бағыттарда шағын зертханалық тәжірибелер, танымдық ойындар көрсетті. Сонымен қатар қосымша білім беру үйірмелерінің жетекшілері VEX, робот техникасы, көзеші өнері бағыттары бойынша шеберлік сыныптарын ұсынды.

Танымдық шара зияткер оқушылардың дайындаған «Шын жүректен» мерекелік концертіне ұласты.

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

 баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале