23.05.2024, 16:15
Оқылды: 57

Оралдық оқушылар халықаралық ғылыми жобалар байқауында жүлделі болды

Орал NIS оқушылары «Science. Technology. Algorithmization. Programming» халықаралық ғылыми жобалар байқауында жүлделі болды. Алматы қаласы республикалық физика-математика мектебінде өткен сайыста 250-ден астам оқушы сынға түсті.

IMG-20240523-WA0093

Сайыс бірнеше бағыттан тұрды. Оның ішіндегі STEM бөлімі бойынша мектебіміздің 11-сынып оқушысы Мейірбек Шәміш пен 9-сынып оқушысы Расул Зинолла ІІ орынды жеңіп алды. Зияткерлер компьютермен жұмыс істеу кезінде көзге қатысты эргономика ережелерінің сақталуын қадағалайтын аппараттың жобасын ұсынды. Ал «мобильді қосымшалар, оқыту бағдарламалары» секциясынан 11-сынып оқушысы Марат Хусаинов пен 10-сынып оқушысы Әсер Умарғали ІІІ орынды еншіледі.

Оқушылар көпшілікті тері суреттері арқылы ірі қара мал ауруын диагностикалайтын мобильді қосымшамен таныстырды.

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале