15.05.2023, 16:01
Оқылды: 53

Оралдық полицейлер рейдтік іс-шаралар аясында хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімді тапты

"БҚО ПД бастығы А.Оразалиевтің жедел жағдайды сауықтыру жөніндегі нұсқауын орындау мақсатында 14 мамырға қараған түні Орал қаласының аумағында рейдтік іс-шаралар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы.

whatsapp-image-2023-04-27-at-162717

Оған барлығы 87 қызметкер, сондай-ақ 7 бірлік автокөлік жұмылдырылды. Іс-шаралар барысында ауыр қылмыс жасады деген екі күдікті тексерілді, оларға қатысты үй қамағына алу бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қаланың шағын аудандарында Орал қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің және жергілікті полиция қызметкерлері қатарынан көлік құралдарын ұрлауды ашу бойынша 12 топ жұмылдырылды. Көшедегі қылмыстарды болдырмау мақсатында аса криминогенді ойын-сауық мекемелерінің жанында жаяу патрульдеу ұйымдастырылды. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында 12 мамыр күні “Балалар ауылынан” хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім табылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері “ізін суытпай” автокөліктен ұрланған 100 мың теңгені тапты. Патрульдеу барысында 32 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз болуының 15 дерегі анықталды, 12 компьютерлік клуб тексерілді, кәмелетке толмағанның клубта болуының 1 дерегі анықталды, техника құралдарын басқару құқығы жоқ адамдардың басқаруының 2 дерегі анықталды. Көшелер мен қоғамдық орындардан уақытша бейімдеу орталығына 24 азамат мас күйінде жеткізілді, оның ішінде 11 адам орналастырылды. Сондай-ақ Орал қаласы ПБ қабылдау-тарату орнына белгілі бір тұрғылықты жері жоқ үш адам орналастырылды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале