Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының студент спортшылары арасында ІІ Түркі универсиадасы өтіп жатыр.
Оған Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысып жатыр.
Ойын бағдарламасына волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты жеті спорт түрі кіреді.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенті Ерсұлтан Ерболатұлы еркін күрестен универсиаданың қоласын еншіледі.
Еркін күресте Қазақстан атынан барлығы 10 спортшы қатысты.
Оралдық оғлан Ерсұлтан Ерболатұлы универсиаданың екінші жарыс күні 92 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстанда түркі Универсиадасын өткізу туралы мәлімдеген еді.
Универсиада 10 қарашаға дейін жалғасады.
Жайнар Жұмабек