5.11.2024, 17:15
Оқылды: 375

Оралдық судья Руслан Жұмағұловтың ұсталғаны рас па?

Бүгін Оралда 1,5 млн теңге пара алды деген күдікпен судья Руслан Жұмағұлов ұсталды деген ақпарат әлеуметтік желіде желдей есті.

ЖП сыбайлас
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов істі болған азаматтың жазасын жеңілдетуге ықпал ету үшін пара алып жатқан жерінен ұсталған. Сонымен қатар судьямен бірге екі адвокат ұсталған деп жазып жатыр жаңалық порталдары.

Ақпараттың растығын анықтау мақсатында БҚО Прокуратурасына хабарластық.

– Бұл операцияны біз жүргізген жоқпыз. Қылмыстық істі жүргізген біздің прокурорлар емес. Орталық аппарат жетекшілік еткен іс болу керек. Бізде бұл судьяға қатысты ешқандай ақпарат жоқ, - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Желіде тараған ақпаратқа қатысты облыстық сот әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Жанат Қайырғожина

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале