Бүгін Орал қаласындағы облыстық көрме залында В.Тихоновтың графикалық суреттер көрмесі көрерменге есігін айқара ашты.
Көрмеге қойылған портреттерді Вьячеслав Тихонов осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын қарандаштың көмегімен салған.
-Қылқалам шеберінің бұл жұмыстары негізінен 1994 жылдары дайын болып, «Жеңістің 50 жылдығына» орай жұртшылыққа ұсынылуы керек болатын. Дегенмен сол кездің қиындығының әсерінен тасада қалып қойса керек. Суретші Вячеслав Тихоновтың жұбайы Надежда Тихонованың шын ниетінің арқасында туындылар аманатқа қиянат жасалмай көрерменге жол тартып отыр. Жұбайы да екінші топтың мүгедегі бола тұра, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. Бір-бірін жақсы түсінетін жандар. Қылқалам иесі көзі тірісінде 120 портрет салған екен, соның 102-ін көрмеге ұсынып отырмыз. Шараның жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде зор мәні бар, -дейді «БҚО мүгедектері ерікті қоғамының» төрағасы Жұмажан Қожжанов.
Портреттердің көпшілігінде соғыстан кейін де аянбай еңбек еткен ардагерлер, өңірімізге белгілі жандар бейнеленген.
Темірболат Тоқмамбетов
zhaikpress.kz