4.04.2025, 10:15
Оқылды: 83

Оралдық тұрғындар туристік фирмадан 5 млн теңге өндіріп алды

Орал қалалық № 2 сотында туристік фирмаға қатысты іс қаралды. БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 2024 жылы тамызда Орал қаласының тұрғыны туристік фирма арқылы Таиландқа 1 млн 082,358 мың тұратын жолдама сатып алған. Сондай-ақ бұған оның төрт досы да қосылған. Барлығы бес адам «География» ЖК арқылы жолдама алған, - деп жазады kaz.inform.kz.

Hand making pin mark on Canada map, travel destination, company branch office

Сурет: istockphoto.com

Кейін турагент туроператордың жүйесіндегі қателікке байланысты құжаттар рәсімделмегенін айтып, қаржыны қайтарамын деп уәде еткен. Жәбірленушілер келісім-шартты бұзып, қаржыны қайтаруды өтінгенімен, жауап келмеген.

Туристік фирма өкілі онлайн-мәжіліске қатыспады.

— Сот аталған ЖК-мен келісім-шартты бұзып, жәбірленушілердің пайдасына мынадай соманы өндіру туралы қаулы шығарды. Үш жәбірленушінің әрқайсысына 1 млн 081,211 теңге, өкілдің қызметі үшін 108 мың, нотариусқа төлем ретінде 4 061 теңге, 10 812 теңгеден мемлекеттік баж салығын өндірді. Төртінші тұрғынға 662,5 мың теңге, 6 640 теңге мемлекеттік баж салығы, бесінші адамға 662,5 мың теңге мен 6 640 теңге баж салығына қоса өкілдің қызметі үшін 63 мың теңге, барлығын қосқанда, 5 жәбірленушіге 5 млн теңге өндірілді, — деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале