3.08.2020, 11:43
Оқылды: 44

Оралдық тұрғыннан 128 мың теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында дәрілік заттарды заңсыз өткізу деректерін анықтау жалғасуда, деп жазады ҚазАқпарат.

32D27974-9006-41E7-A52E-2D4BD19C90C2

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жедел іздестіру шаралары барысында осындай екі дерек белгілі болды. Орал қаласының тұрғыны дәрі-дәрмектерді Қазақстан Республикасының уәкілетті органының рұқсатынсыз сатқан. Одан жалпы құны 128 мың теңгені құрайтын "Цефтриаксон" және "Ледокаин" дәрілері табылып, тәркіленді. Сол секілді қаладағы дәріханалардың бірі "Инфлюцид" препаратының орамын 3 500 теңгеден (белгіленген баға – 2 571 теңге) өткізген. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 15 шілдедегі «Дәрілік заттың бөлшек саудада және көтерме саудада сатылатын тауарлық атауының шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрығына қайшы келеді. Заң бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале