14.10.2020, 14:38
Оқылды: 25

Оралдық тұрғынның үй аламын деп жинаған 5 млн теңгесі қолды болды

Оралдық тұрғынның үй аламын деп жинаған 5 млн-ға жуық теңгесі қолды болды.

5

Орал қаласы полиция басқармасы мәлім еткеніндей, оқиға 12 қазан күні Зачаган кентінде болды. Күндізгі сағат 11.00 мен 14.30 аралығында Тұмар ханым көшесі бойындағы жеке үйден 5 млн-ға жуық теңге ұрланды. Ұры үйде ешкім жоғын байқап, есіктің құлпын сындырып ашып, ішке емін-еркін кірген. Үй иесінің пәтер аламын деп жинаған ақшасын жымқырып, бой тасалаған.

Шаған полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында Ақжайық ауданының еш жерде жұмыс жасамайтын 24 жастағы тұрғыны 10 сағат ішінде қолға түсті. Ол ұрлық жасағанын мойындады. Қаржы үй иесіне қайтарылды. Сондай-ақ қолды болған корпусы қоңыр түсті «Нокия» маркалы ұялы телефон да тәркіленді. Ақшасы қайта қолына тиген 55 жастағы әйел қылмыстың ізін суытпай ашқан полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Шаған полиция бөлімі бойынша биылғы тоғыз айда 22 пәтер ұрлығы (өткен жылы осы мерзімде – 48) тіркелді.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале