24.06.2024, 20:00
Оқылды: 94

Оралдық ұландықтар қайта қырағылық танытты

Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің жауынгерлері қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қайта қырағылық танытты.

InShot_20240624_175622996

Естеріңізге сала кетейік маусым айының 8 күні 5517 әскери бөлімінің қызметкерлері қала тұрғынынан ұзындығы 10 см суық қару тапқан болатын. Ал, маусым айының 22 күні 5517 әскери бөлімінің қызметкерлері қайта қырағылық танытып, тағы да суық қару тәркіледі.

Атап айтар болсақ, 22 маусым күні кешкі сағат 22.20 шамасы кезінде қала көшелерінің біріндегі көпқабатты үйдің жанында тұрған белгісіз бір азамат қатардағы Жәңгір Басыбаев бастаған әскери жасаққа күдік туғызады. Патрульдік топ бастығы қатардағы Жәңгір Басыбаев өзіне күдік туғызған азаматтың қасына барып өзін таныстырып сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді. Тексеріліс аясында күдіктінің сырт киімінің тыйым салынған суық қару табылды. Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісіне баяндап, күдіктіні Орал қаласының Полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале