8.07.2025, 11:15
Оқылды: 148

Оралдық ұландықтар үздік үштіктен көрінді

Жаңаөзен қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында самбо күресінен біріншілік өз мәресіне жетті. Дәстүрлі турнирді 5548 әскери бөлімі жоғары деңгейде ұйымдастырды.

317a330b-0fb1-4f52-8c55-516dd9ee9b69

Жарыстың басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, дене дайындығы мен спорттық шеберлікті арттыру, сондай-ақ жауынгерлік рухты нығайту. Ашылу салтанатына Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жанабай Аймағанбетов, “Батыс” өңірлік қолбасшылығының дене дайындығы және спорт бастығы подполковник Бахтияр Қалдыбеков, сондай-ақ 5548 әскери бөлімінің командирі подполковник Марат Нұрмуратов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

cf5f11fd-ffc3-4c79-9afe-03da6f9ddb79

Біріншілікке өңірлік қолбасшылыққа қарасты 5517 (Орал), 5546 (Атырау), 6655 (Ақтөбе), 6656 және 3502 (Ақтау), сондай-ақ 5548 (Жаңаөзен) әскери бөлімдерінің спортшылары қатысты. Турнир барысында әскери қызметшілер өздерінің ептілігі мен күш-жігерін ортаға салып, жоғары деңгейдегі бәсекелестік көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте:
• I орын – 6655 әскери бөлімі (Ақтөбе қаласы)
• II орын – 6656 әскери бөлімі (Ақтау қаласы)
• III орын – 5517 әскери бөлімі (Орал қаласы)

Оралдық ұландықтар үшін бұл нәтиже – тұрақты дайындық пен табандылықтың жемісі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды.

b58211fc-1c1e-46e3-b5e3-dee32a0a3ea5

Енді үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Ұлттық ұлан біріншілігінде “Батыс” өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале