15.02.2025, 15:00
Оқылды: 268

Оралдық ұландықтар үздіктер қатарынан көрінді

Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының XXIII спартакиадасы аясында әскери бөлімдер арасында волейболдан өткен Ұлттық ұлан чемпионаты өз мәресіне жетті. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл турнирге үздік жеті команда қатысып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.

c7755501-8916-4174-a4a0-a27fc8cda995

Үш күн бойы тартысты өткен ойындар барысында спортшылар өздерінің шеберлігін, төзімділігін және жеңіске деген ұмтылысын паш етті. Жарыс қорытындысы бойынша:
• 1-орынды – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы иеленді;
• 2-орынды – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы жеңіп алды;
• 3-орын – «Орталық» өңірлік қолбасшылығының командасына бұйырды.

5dbaa06d-012a-489d-b342-6ca4c43b6a2b

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар және грамоталар табыс етілді. ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Бауржан Әбжанов бұл жарыстың әскери қызметшілер үшін үлкен сынақ болғанын атап өтіп, олардың ерік-жігері мен бірлігі жоғары деңгейде көрініс тапқанын айтты. Сондай-ақ, командалардың жетістігі қажырлы еңбек пен үздіксіз дайындықтың жемісі екенін атап өтті.

c19be5fb-ca5a-4dcf-8f37-1d774975844e

Ұландықтар – тек Отан қорғаушылар ғана емес, сонымен қатар спортта да мықты әрі төзімді екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале