11.04.2023, 15:15
Оқылды: 17

Оралдық ұландықтар жүлдемен оралды

Шымкент қаласында ұландықтар арасында жекпе-жек ұрыстан үш күнге созылған республикалық чемпионат өтті.

8f9a2f98-01de-4c05-9a71-034542560d79

 Шара 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 ішкі әскер жауынгерін еске алу күніне арналды.

Аталмыш жарысқа Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінен жеті салмақ дәрежесінде 60-ға тарта спортшы қатысты. Осы жарысқа Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің төрт бірдей жауынгері қатысып, төртеуіде жүлделі орындардан көрініп  екі күміс, екі қола медальға қол жеткізді.

02bd569e-3f47-45a5-910c-16b3e3dec33f

-Жекпе - жек ұрысы Ұлттық ұлан әскер қатарында кеңінен дамыған спорт. Бұл спортта спортшының дайындығы мен шеберлігі жоғарғы деңгейде болуы қажет. Мен бұл жарысқа тыңғылықты дайындалып келдім қарсыластарым да жақсы дайындықпен келіпті. Дегенмен бұл жарыста дұрыс тактика қолданып ақтық сынға дейін жеттім. Мен үшін ең қиыны финалдық кездесу болды. Ақтық сында қарсыласыма ұпай санымен есе жіберіп алдым. Ендігі мақсат жіберген қателіктер мен жұмыс жасап, келесі біріншіліктерде чемпион атану деді, -  жарыстың күміс жүлдегері сержант Жандос Утегулов.

787f327b-05e2-4cf0-b5df-280b6980fd7f

Айта кетейік осы жарыстың қортындысы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Ендігі кезекте осы жарыста үздік шыққандар Қазақстан Кубогы мен ел чемпионатына қатысады.

Ертуған Әубакир,

капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале