18.03.2020, 14:24
Оқылды: 39

Оралдық волонтер жастар майдангерлерге қолұшын беруде

Оралдық ерікті жастар қалада тұратын майдангерлерге қолұшын беруде, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Volonter

Орал қалалық жастар ресурстық орталығы жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Дулат Жүсіпқалиевтің айтуынша, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арнайы әлеуметтік төлқұжат әзірленді. «Орал жастары» волонтерлік қозғалысының мүшелері қаладағы 48 майдангерге жеке-жеке бекітіліп, мекенжайлық көмек көрсету шараларын қолға алды. Жыл басынан бері «Ардагерлерді ардақтайық», «Батырлар жолы» акциялары жүзеге асып жатыр. «Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында азық-түлік жеткізіп, үй тұрмысына жәрдемдесудеміз. Коронавирусқа байланысты сақтандыру шаралары қолға алынуда. Алдағы жұма күні медициналық маскалар мен антисептиктер келеді, соларды таратамыз», – деді ҚазАқпарат тілшісіне Д.Жүсіпқалиев. Еріктілердің бірі – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 1-курс студенті Ақторғын Берікова. «Майдангерлердің үйіне барып, қал-жағдайын сұрап, не керек екенін білеміз. Соған қарай көмек көрсетіледі. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Борис Сергеевич Шолубай, Петр Михаилович Дичанскийлердің үйінде болдық. Көпті көрген аталардың алдын көріп, алғысын алу да бір ғанибет қой. Коронавирусқа байланысты қауіпсіздік шараларына да атсалысатын боламыз. Қазір өзіміз қашықтықтан білім алудамыз», – дейді А.Берікова.

ҚазАқпарат

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале