28.10.2017, 9:23
Оқылды: 25

Оралдық хирург әкімнің алғыс хатымен марапатталды

Кеше облыс әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Оған кеңес мүшелерімен қатар, Орал қаласының және аудандардың әкімдері, аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

 

Кеңейтiлген кеңес отырысында сөӡ алған Орал қаласының әкiмi Мұрат Мұқаев жастарды жұмыспен қамту мақсатында 3 бос орындар жәрмеңкесi ұйымдастырылып, нәтижесiнде 231 жас тұрақты жұмысқа орналасқанын атап өттi. А.Көлгiнов қала әкiмi М.Мұқаевқа және облыстық дене шынықтыру, спорт басқармасының басшысы Ә.Аманбаеваға жастар мен балаларды бұқаралық спортқа баулу, балалар мен жасөспiрiмдер спортын дамыту, спорттық нысандар құрылысы, жастар арасында кең таралған көше жаттығулары-стрит воркаутты өрiстету бағытында нақты тапсырмалар бердi.

Кеңес жұмысын қорытындылаған облыс әкiмi, кеңес төрағасы А.Көлгiнөв өңiрдегi жастар саясатының жүӡеге асыру барысына оң баға берiп, жастар ұйымдарына бiрқатар мiндет жүктедi.

Олардың қатарында барлық ЖОО және АОО Жастар iсi жөнiндегi комитеттер құру, Орал қаласында Жастар ресурстық орталық ашу, аудандарда спорт алаңдасын тұрғыӡу және т.б. бар.

Кеңес соңында БҚО әкiмi биiктiктен құлап, қатты жарақаттанған құрылысшыға 6 сағат күрделi ота жасап өмiрiн сақтап қалған оралдық дәрiгер-хирург Бақтияр Тәшкенбаевты БҚО әкiмiнiң алғыс хатымен марапаттады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале