Елімізде өткен Алматы марафоны жетістіктерге толы болды. Бұл жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен және жақын-жуық шетелдерден келген 17 мың спортшы қатысты. Бұл туралы Орал қаласы спорт бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спортшылар 10 км, 21,1 км, 42,2 км, экидэн және скандинавиялық жүріс қашықтықтарында бақ сынады.
Орал спорт клубының жеңіл атлетикадан жаттықтырушысы Жарас Айтуаров экидэн жарысында ІІІ орын жеңіп алды.