8.08.2025, 15:00
Оқылды: 554

Оралдық желаяқ 180 шақырымдық ультрамарафонда топ жарды

Семейден Қарауыл төбеге дейінгі 180 шақырымдық қашықтықты 31 жастағы оралдық жеңіл атлет Баубек Ильясов 19 сағат, 9 минут, 45 секундта еңсеріп, мәре сызығын бірінші болып кесті.

5238031480595281767

Сурет: telegram.org

Баубек – Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданының тумасы. Қарапайым ауыл азаматы бүгінде ұстаздық қызмет атқарып жүр.

Айта кетейік, марафон кеше Семей қаласындағы Абай атындағы халықаралық әуежайдан бастау алып, Қарауыл төбеде аяқталды.

Дереккөз: t.me/abaiaqparatkz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале