28.11.2017, 15:00
Оқылды: 152

Оралдық журналист спорт журналистері арасындағы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

17523249_1152562571533114_1024795172096474501_n (1)Sports.kz интернет порталының ұйымдастыруымен өткен спорт журналистері арасындағы болжам байқауында «Жайық Пресс» ЖШС спорт шолушысы Түгелбай Бисен жеңімпаз атанды деп хабарлайды sport.kz

Ақжолтай хабарды естіп, Зеленов аудандық «Ауыл тынысы» газетінің фототілшісі болып қызмет жасайтын әріптесіміз Түгелбай Кенжеғалиұлын құттықтауға асықтық.

- Әрине, өте қуаныштымын. Бұндай форматтағы байқауға бұрыннан қатысып келемін. Өткен жылы Астана қалалық футбол федерациясы ұйымдастырған «Болжам бәйге» байқауында бақ сынап көрдім. Аталған жарыста белгілі спорт комментаторы Жандос Айтбайға ғана есе жіберіп, екінші орынды иелендім. Биыл да Қазақстанның футболдан 2017 жылғы чемпионаты ойындарына қатысты болжамдарымды порталға жібердім. Айта кету керек, бұл байқау спорт журналистері арасында алтыншы рет ұйымдастырылса, үшінші рет халықаралық деңгейде өтіп отыр.

Оқырман назарына Sports.kz интернет-порталында жарияланған турнирдің қорытындысын ұсынамыз.

  1. Түгелбай Бисен («Жайық Пресс», Орал) - 17 ұпай 2-4.
  2. Дастан Кенжалин (SportPress.kz, Астана) - 16 ұпай
  3. Нұргазы Сасаев (Sportsffa.kz, Астана) - 16 ұпай
  4. Рафаэль Халатян (ArmFootball.com, Армения) - 16 ұпай
  5. Қасқырбай Қойшыманов («Қостанай таңы», Қостанай) - 15 ұпай
  6. Матео Сучич (Sportske Novosti, Хорватия) - 14 ұпай
  7. Камолиддин Алимов (ТК SPORT, Өзбекстан) - 12 ұпай 8-9.
  8. Владимир Стоянов (Sportal.bg, Болгария) - 11 ұпай
  9. Руслан Меделбек («Азаттық», Алматы) - 11 ұпай
  10. Алеко Какауридзе («Лело», Грузия) - 10 ұпай
  11. Виталий Несіпбаев (ТК «Қазақстан - Қарағанды», Қарағанды) - 9 ұпай
  12. Деян Станкович (Mozzartsport.com, Сербия) - 6 ұпай
  13. -14. Мехман Сулейманов (Sport24.az, Әзірбайжан) - 5 ұпай Хайрудин Пролич (SCsport.ba, Босния и Герцеговина) - 5 ұпай
  14. 15-16. Александр Трофимов («Время», Алматы) - 4 ұпай Шалқар Естен (ТК Kazsport, Алматы) - 4 ұпай

17-18. Бағдат Асылбек («Диапазон», Ақтобе) - 3 ұпай Иван Жидков (Sportsdaily.ru, Россия) — 3 ұпай

  1. Гентян Алинани (Panorama Sport, Албания) - 2 ұпай

20-22. Нағи Бақытбеков (KazFootball.kz, Астана) - 1 ұпай Андрей Масловский (By.tribuna.com, Беларусь) - 1 ұпай Ерзат Серғазин («Тарлан-Қазақстан», Алматы) - 1 ұпай.

Қазақстан футболын жетік білетін шетелдік спорт журналистерінің үздік үштігі:

  1. Рафаэль Халатян (ArmFootball.com, Армения) - 16
  2. Матео Сучич (Sportske Novosti, Хорватия) - 14
  3. Камолиддин Алимов (ТК SPORT, Өзбекстан) - 12.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале