10.01.2017, 10:11
Оқылды: 63

Оралдық зияткерлердің жаңа жылдағы алғашқы жеңісі

screenshot_2017-01-10-11-54-10-1Шымкент қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік олимпиада өз мәресіне жетті.


Гуманитарлық пәндер бағытындағы бұл олимпиадаға 20 зияткерлік мектептен 250-ден аса оқушы қатысты. Әрине, республикалық олимпиадаға іріктеуге арналған олимпиаданың бұл кезеңінде әр өңірдегі зияткерлік мектептердің білімі терең, ойы ұшқыр оқушылары бас қосты. Мықтылардың білім жарысында Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 10 жүлделі орынмен командалық есепте бірінші орын алды.
Жекелеген пәндер бойынша айтып өтсек, Качало Варвара қазақ тілінен, Данияр Арыстанов орыс тілі мен әдебиетінен, Айша Тұяқова ағылшын тілінен бірінші орын иеленді.

Жансая Метенова қазақ тілінен, Сабина Айғараева орыс тілінен, Талғат Сағынтаев Қазақстан тарихынан, Аружан Әнуарова мен Әзім Нұрберген құқық негіздерінен екінші орынға табан тіреді.

Ал Айдана Әбдешова ағылшын және Райымбек Мақсотов Қазақстан тарихы бойынша жүлделі үшінші орынды алды.

Осы олимпиада жаратылыстану-математика бағыты бойынша Алматыда өтті. Бұл бағыт бойынша информатика пәнінен Батырхан Әбуханов екінші, Ержан Жамашев үшінші орынды қанжығаларына байлап қайтты.
Осылайша, жетекшілерінің еңбегін зая кетірмеген оқушыларымыз жаңа жылдың алғашқы жеңісін де сыйлап үлгерді.

Ақмоншақ Жұмаева,
Орал қаласындағы НЗМ 
баспасөз хатшысы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале