Батыс Қазақстан облысының тұрғындары сәбилеріне ең жиі қоятын есімдер белгілі болды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының облыстық филиалы хабарлайды.
АХАТ бөлімінің мәліметі бойынша, жаңа туған ер балалар арасында кездесетін ерекше есімдер қатарына Мұхаммед, Ибраһим, Әмірхан кіреді. Ал қыз балалар арасында Кәусар, Айзере және Айерке есімдері танымал.
Айта кетейік, жыл басынан бері АХАТ бөлімі арқылы 950-ден астам баланың туу туралы акт жазбасы тіркелген. Сонымен қатар облыста 16 жұп егіз дүниеге келген.
Еске сала кетейік, нәрестенің тууын тіркеуге өтініш берудің бірнеше жолы бар: ХҚКО арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы. Бұдан бөлек, азаматтар бұл қызметті проактивті форматта ала алады. Яғни, жаңа туған нәрестенің анасына 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіледі.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметі