Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Жайықжылуқуат» АҚ-ның нақты сыртқы температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу есебі қаралды.
Жылыту маусымы кезінде төмен қызу анықталды. Ал тұрғындар төлемдерді төлеп тастаған. Енді компания қаражатты адамдарға қайтару үшін төлем көлемін азайтуы керек.
«Жайықжылуқуат» АҚ Орал қаласында жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, тарату және жабдықтау қызметтерін көрсетеді.
Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті жүргізген қайта есептеу нәтижесінде 2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңіне жылумен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі анықталған. Тұтынушыларға қайтарылатын қаражаттың жалпы сомасы 786 585,02 теңге. Оның ішінде :
- ЖЭО үшін ҚҚС-ты қосқанда 742 336,11 теңге немесе жылытылатын алаңның 1м2 үшін 9,79 теңге;
- қазандық қондырғылары үшін ҚҚС-ты қосқанда 44 248,90 теңге немесе жылытылатын алаңның 1 м2 үшін 6,88 теңге.
Мұндай қайта есептеу есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін есептеледі. Нәтижесінде 2022 жылдың қазан айындағы түбіртектегі төлемді азайту арқылы артық ақша қайтарылады.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу
комитетінің БҚО бойынша департаменті