Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарған Мұратбек Ташенбаевтың ісін Орал қалалық сотының судьясы Қымбат Хайрушева қарады.
Бас архитектормен бірге сол бөлімнің бас маманы болған Нұрсұлтан Гатау да бар. Қаланың бас архитекторы мен бас маманы кәсіпкерден ақшалай пара алды деп айыпталып отыр. Істі қараған сот Мұратбек Ташенбаевты 7 жылға соттады. Және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды. Ал Нұрсұлтан Гатау 3 жыл, 6 айға сотталды.
Ал осы екі қызметкерге ақшалай пара берген кәсіпкер Асылжан Купбаевты де пара беру бабымен 7 жылға соттады.
Жанат Көшкінбай,