3.04.2026, 10:00
Оқылды: 15

Оралдың «Жайығы» бірінші лиганың беташар ойынын жеңіспен ашты

Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының жаңа маусымдағы беташар ойындары басталды, - деп жазады kaz.inform.kz

9e7524ae-b303-4e41-a99f-006412e1e93f (1)

Фото: kaz.inform.kz

Өткен жылы екінші лигада ойнап, бірінші топқа жолдама алған Оралдың «Жайығы» жаңа маусымдағы алғашқы матчын сырт алаңда «Арыспен» өткізді.

Ойын тағдырын жалғыз гол шешті. 29-минутта «Жайықтың» жартылай қорғаушысы Темірлан Үмбетов алыстан айып добын дәл орындай білді. Бұл биылғы маусымда бірінші лигадағы алғашқы гол еді.
Осылайша, оралдық маман Вячеслав Невольниковтің шәкірттері чемпионатты сәтті бастап, бастапқы үш ұпайға ие болды.

«Жайық» негізінен жергілікті футболшыларға үміт артып отыр. Олардың қатарында тәжірибелі ойыншылармен қатар жастар да бар.

Оралдықтар өз алаңындағы бірінші матчын 8 сәуір күні Қазақстан кубогы үшін Алматының «Қайратымен» өткізеді. Содан кейін 16 сәуірде бірінші лигада «Астана Ж» командасын қабылдайды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале