Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық штабы үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жалғастыруда. ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штаб мүшелері "Оралтрансформатор" зауытының ұжымымен кездесті. Жиын барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасына шолу жасап, маңызды тұстары бойынша көпшілікке мәлімет берді.
Алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан. Әрбір азамат біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі. Сондықтан, осы саяси науқанға халқымыз белсенді түрде қатысуы маңызды.
"AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық штабының баспасөз қызметі