Осылайша, «Карл Маркс» колхозынан Айғалиев Анесқали, Адилов Мұқыш, Абдулманова Жанша, Алтаяқова Мұқи, Андирова Толыш, Абдулманова Ұлмекен, Ғазезова Жамал, Ажғалиева Несіпәлі, Алмұратов Назым, Бөлекбаев Досқали, Боранқұлов Дүйсе, Бисенғалиев Мүслим, Бисенғалиев Хапай, Баталиева Қанипа, Дилмағанбетов Бисенғалидың шаруашылықтары толықтай көшірілетін болды.
Сондай-ақ, Рапш Досжанова, Ақжігіт Дүйсенов, Майда Ержанова, Ақліеш Ерғалиев, Болат Ғубашев, Рахметолла Тұяқов, Жұмағали Тұяқанов, Хабден Темірғалиев, Амин Тауашев, Мағия Тынышқалиева, Мария Төреғалиева, Үміт Тілегенова, Нәсіп Шаркина, Қуанышқали Шамғонов, Апет Шоңбаев, Өсила Шарипова, Хама Шарипова, Хайсекен Шайғозиева, Төлеген Өтешова, Төлен Өтегенов, Үмітханым Орынғалиева, Инжу Ғазезова, Хансұлу Нақышева, Сатық Нақышев, Анапал Сақашева, Өтеген Сақауов, Қарасай Сариев (колхоз басқармасы), Ғабдолла Сапаров, Абылхасан Сариев, Мария Сарыбаева, Құбыш Сұлтанғалиев қоныстанған жерлерде зона аймағына беріліп, жоғарыдағы колхозшылар да Тайпаққа көшірілетін болды.
1952 жылдың көктемінде «Карл Маркс» колхозынан 282 адам Тайпаққа көшіп барды.
Зұлхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz