12.10.2021, 11:59
Оқылды: 98

Өрісі төрт түлікке толған өлке

Бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатына Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев қатысып, Тәуелсіздік жылдарындағы өңірдің әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы баяндады.

18899B3C-5219-494B-8511-E4C6A8D74CE2
-Тәуелсіз ел болған 30 жылдың ішінде біздің аудан үшін де әр жылдың өз қиыншылықтары, сонымен қатар толайым табыстары болды. Осы жылдар аралығында елімізде әр сала бойынша жүргізілген реформалар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарды жеңе білуге өз септігін тигізе білді. Қаратөбе ауданы 1928 жылы құрылды. Аудан – облыстың оңтүстік шығысында орналасқан. Жерінің жалпы аумағы – 10,0 мың шаршы шақырым. Халық саны – 15 408 адамды құрайды. Ауданда 32 өзге ұлт өкілдері тұрады. Бүгінгі таңда құрамында сегіз ауылдық округ, 22 елді-мекен бар. Аудан облыстың үш ауданымен және Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Аудан аумағы арқылы Самара-Шымкент, Қаратөбе – Сырым тас жолдары өтеді,-деді Қадыржан Сүйеуғалиев.
Мұнан соң аудан әкімі ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, баспанамен қамту, жол салу секілді маңызды салаларда атқарылған істерге және алда тұрған міндеттерге тоқталып өтті.

42955E88-AFEF-4A17-BE13-0F4039EB5C47
Маңызды сала саналатын ауыл шаруашылығына тоқталар болсақ, бүгінгі таңда Қаратөбеде 41 152 бас ірі қара малы, 97 919 бас қой-ешкі, 12 953 бас жылқы, 7 бас түйе өсірілуде. Аталған төрт түлік мал санының басы жылдан жылға өсуде.

ECC5FB5D-47BC-440F-A213-83D41E07C31D
-Өздеріңізге белгілі қазіргі заман ағымына сәйкес әр саланыңда талабы болады. Осы саладағы міндеттердің бірі жоғары өнімді асыл тұқымды мал басының санын көбейту болып табылады. Ауданда асыл тұқымды мал басын өсіру 2006 - 2007 жылдардан жүзеге аса бастады. Алғашқы жылдары үш шаруашылық 378 бас қазақтың ақбас тұқымды сиырын бағуды қолға алса, кейін мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулардың арқасында бүгінгі таңға ауданда 23 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсірумен аналысуда. Соның ішінде 12 репродуктор шаруа қожалығы болып табылады. Биылғы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8 айда 4 669,4 млн. теңгені құрап отыр,-деді аудан әкімі.

Нұрбек Оразаев,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале